25.09.2019, 15:21
Жаңалықтар
Еліміздің солтүстік өңірлерінде қар жауады – Қазгидромет
26-28 қыркүйекте республиканың басым аумағында күн суытады,- деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Фото: stan.kz
Батыс пен солтүстік аймақтарда сақталған суық антициклон шығысқа қарай ығысады. Қазақстанның орталығы мен шығысында бұл күндері ауа температурасы төмендеп, түнде үсік болады деп күтілуде. Солтүстікте желдің жылдамдығы күшейіп, жаңбыр соңы ылғалды қарға ұласады.
«Егер өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С-қа жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындайды. Ал жексенбі күні барлық өңірлерде нормадан 3…8°С-қа төмен болады», - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді