Бауырын баққызып, үй жинату үшін кешкі мектепке жібереді: Қазақстандағы ата-ана баласын оқудан неге шығарып алады

Қзір 40 кешкі мектеп жұмыс істеп тұр

Бауырын баққызып, үй жинату үшін кешкі мектепке жібереді: Қазақстандағы ата-ана баласын оқудан неге шығарып алады
Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Елімізде тоғыз ай ішінде 941 бала кешкі мектепке ауысқан. Кейбір ата-аналар үй шаруасына салып, бауырларын баққызу үшін балаларын кешкі мектептерге ауыстырып алған. Бұл жайында Үкімет сағатында Құрылтайдың вице-спикері Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның сөзінше, қазір елімізде 40 кешкі мектеп жұмыс істейді. Тексеру кезінде кейбір жалпы білім беретін мектептердің оқушыға қажетті қолдау көрсетудің орнына, онымен жұмыс істеу қиын деген себеппен кешкі мектепке ауыстыратыны белгілі болған.

«Кейбір мектептер балаға қажетті қолдау көрсетудің орнына, «онымен жұмыс істеу қиын» деп, кешкі мектепке ауыстыра салады. Бұл балаларға қауіп төндіреді», – деді ол.

Осыған байланысты мәселені реттейтін бұйрықты қабылдау процесін жеделдету туралы Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылған. Құжат әзірге күшіне енбеген. Динара Зәкиева оның жақын арада қабылданатынын айтты.

Айта кетейік, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 158 іс-шараны қамтиды. Оның әрқайсысы балалардың мүддесіне қатысты жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған.