Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
17 қарашаға дейін Астанада түнгі температура -5 градусқа дейін төмендейді, Алматыда қар жауады, ал Шымкентте күн +15 градусқа дейін жылынады
Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Елордада көктайғақ күтілсе, Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Ал Шымкентте күн жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер 15–17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн суытады
15 қарашада елордада күн бұлтты болып, мезгіл-мезгіл аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде -1…-3, күндіз -1…+1 градус болады.
16 қарашада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 5–10 метр. Түнде ауа температурасы -3…-5, күндіз 0…+2 градус болады.
17 қарашада да жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 5–10 метрге жетеді. Түнде -3…-5, күндіз +1…+3 градус жылы болады.
Алматыда жаңбыр мен қар жауады
15 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты болады. Күннің екінші жартысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз екпіні секундына 13 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -1…-3, күндіз +5…+7 градус болады.
16 қарашада күн бұлтты болып, түнде қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Түнде ауа температурасы -5…-7, күндіз +3…+5 градус болады.
17 қарашада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -1…-3, күндіз +6…+8 градус жылы болады.
Шымкентте күн жылы болады
15 қарашада Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -1…+1, күндіз +12…+14 градусқа дейін көтеріледі.
16 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Түнде +1…+3, күндіз +13…+15 градус болады.
17 қарашада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4, күндіз +13…+15 градус жылы болады.
