Тоқаевтың туитінен кейін Қанат Тезекбаев қолхатпен босатылды
Қанат Тезекбаевқа қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат беру түріндегі жаңа бұлтартпау шарасы қабылданды
Алматы қаласы №4 ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылды. Қалалық сот мәлім еткендей, Тезекбаевқа қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат беру түріндегі жаңа бұлтартпау шарасы қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қамауға алынғаны туралы хабар тараған болатын. Осы жағдайға байланысты бірқатар қазақстандық дәрігерлер Қ.Тезекбаевқа қолдау білдіріп, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады. Медицина қауымының өтінішіне ҚР Президенті Қ.Тоқаев әлеуметтік желі арқылы үн қатып, бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында болатын жазды.
Айта кетейік, бас дәрігерден бөлек осы аурухананың анестезиолог дәрігері Асқар Тұңғышбаев та сот шешімімен қамауға алынған болатын. Дәрігерлер қалалық полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевты өлімінен кейін тергеуге алынған.