Алматыда Күдебаев ісіне қатысты қамалған анестезиолог босатылды
Марқұм Нұрсұлтан Күдебаев Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының ұлы
Алматыда прокурор Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімінен кейін қамауға алынған екінші дәрігер Асқар Тұңғышбаев ешқайда кетпеу қолхатымен босатылды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрігер 2 қыркүйектен бері қамауда болған.
«Анестезиолог дәрігер Асқар Тұңғышбаевты сот қолхатпен босатты. Алдағы уақытта тергеудің әділ жүретініне үміттенеміз», - деп қысқа ақпарат таратты Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болғаннан кейін №4 аурухананың бас дәрігері мен анестезиологы қамауға алынған болатын. Алайда, бұл жаңалық қоғамда дау туғызып, 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі істің әділ тергелуін тапсырған еді. Тек осыдан кейін ғана бас дәрігер Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қамаудан босатылды.