26.09.2019, 09:53
Жаңалықтар
Бақшасында марихуана өсірген ауыл тұрғыны ұсталды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Солтүстік Қазақстан облысында марихуана өсірумен айналысқан ауыл тұрғыны ұсталды. Полицейлер күдіктінің бақшасынан аталған өсімдіктің 60 келісін тәркіледі, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Дәл осындай жағдай Мамлют ауданында да тіркелді. 49 жастағы ер адамның үйінен аса ірі көлемдегі ұсатылған марихуана жапырақтары табылған. Кептірілген шөптің салмағы 5,3 келі.
Петропавл полицейлері «Допинг» алдын-алу шарасын жүргізген болатын. Тәртіп сақшылары 4 күннің ішінде 74 келіден астам түрлі есірткі затын тәркілеген. 11 есірткі қылмысы ашылды.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
18.11.2026, 14:47
Қонаевта 6-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан екінші қабатына құлап, қаза тапты
Бүгін, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
18.11.2026, 21:42
Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға түсті
