$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2019, 10:10
Жаңалықтар

Сүт өнімдері қымбаттап, қымыз бен шұбат өндірісі артқан

Биыл қымыз өндірісінің көлемі 685 тоннаға жеткен

Сүт өнімдері қымбаттап, қымыз бен шұбат өндірісі артқан
kazakh-tv.kz

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда дәстүрлі сусындар өндірісі артқан. Қымыз өндіру 34%-ға, шұбат өндіру 72%-ға өскен. Бұл туралы energyprom.kz мәлімдейді.

Сүт өнімдерінің бағасы да айтарлықтай өскен. Қаңтар-тамыз айларында өңделген сүт пен кілегей өндіру көлемі 365,1 тоннаға жеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 340,3 мың тонна болған.

Сары май мен сүт спреді өндірісінің көлемі 14,5%-ға артып, 12,3 мың тоннаға жеткен (өткен жылы - 10,7 мың тонна). Сегіз ай ішіндегі ірімшік пен сүзбе өндірісінің көлемі 19,2 мың тоннаға жеткен (өткен жылмен салыстырғанда 4,3% артық).

Одан бөлек ұлттық сусындар өндірісінде де айтарлықтай өсім бар. Биыл қымыз өндірісінің көлемі 685 тоннаға жеткен (өткен жылмен салыстырғанда 34,1% артық), шұбат өндірісінің көлемі 1,7 мың тоннаға жеткен ( бір жыл ішінде 72% өскен).

Базарлар мен дүкендерде де сүт өнімдерінің бағасы айтарлықтай өскен. Бір литр шикі сүттің бағасы 199,4 теңгеге жеткен (өткен жылмен салыстырғанда 3,6% өскен). Шикі сүттің бағасы Атырауда аспандап тұр (литрі 268 тг), Алматыда да арзан емес (247 тг), сондай ақ, Оралда да қымбат екен (235 тг).

Сұраныс артқан сайын сүт өнімдерінің көлемі де, бағасы да өсіп келеді. Мәжіліс депутаты Владислав Косарев жақында сүт өнімдерінің бағасына алаңдаушылық білдірген еді.

«Бізде бос жатқан жер көп, бірақ шабындықтар мен жайылымдардың бағасы өз құнынан 5-6 есеге қымбат. Оған қоса алып-сатарлар ауылдан арзан бағаға сүт алып, оны қалаға 7,5 есе қымбат бағаға сатады. Егер осылай жалғаса берсе сүт өнімдерін тұтынушылар да азая береді», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары