$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан үкіметі АҚШ-пен қосымша баж қолданбау мүмкіндігін талқылағысы келеді

Бұл туралы тиісті министрлік мәлімдеді

Қазақстан үкіметі АҚШ-пен қосымша баж қолданбау мүмкіндігін талқылағысы келеді
Фото: YouTube/The White House/Видеодан скрин

Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елдің өнімдеріне баж салығын енгізген, оның ішінде Қазақстан да бар. Осыған байланысты сауда министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, Трамптың бұл шешімі Қазақстанның көп тауарына қатысты болмайды. Өйткені, Қазақстан қазір АҚШ-қа экспорттап отырған тауарлары АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілерінде көзделген ерекше тізімге енген тауарлар. Жалпы, былтыр Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналым 4,2 млрд доллар.

«Қазақстанның АҚШ-қа экспорт құрылымында негізгі орын алатын тауарлар — шикі мұнай, уран, күміс, ферросплавтар және басқа да тауарлар. Бұл санаттағы өнімдер АҚШ президентінің «Тауарлар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тарифтер арқылы импортты реттеу туралы» Жарлығы бойынша ерекше енген тауарлардың 92 % тең», - деп хабарлаған министрлік.

Ал, Трамп енгізіп отырған баж Қазақстан АҚШ-қа экспорттайтын бүкіл тауардың 4,8 пайызын құрайды екен.

«Қосымша баждар белгілі бір тауар топтарына қатысты енеді. Бұл санаттағы тауарлардың экспорт көлемі былтыр 95,2 млн АҚШ доллар. Қабылданған тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа жалпы экспортының тек 4,8%-ына ғана әсер етеді», - деп хабарлады министрлік.

Осы ретте, дереккөзге сүйенсек, «үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ тарапымен консультация жүргізуге ниетті».

Серіктес жаңалықтары