$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп 185 елдің өнімдеріне баж салығын енгізеді, оның ішінде Қазақстан да бар

Дональд Трамп басқа елдерден келетін тауарларға баж салығы бар кестені көрсетті

Трамп 185 елдің өнімдеріне баж салығын енгізеді, оның ішінде Қазақстан да бар
Фото: YouTube/The White House/Видеодан скрин

Америка Құрама Штаттары әлемнің 185 еліне өзара принцип бойынша кедендік баж салығын енгізеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2 сәуірде Ақ үйдің гүлзарында тұрған Дональд Трамп Американың «Бостандық күні» деп жариялап, «АҚШ-тың достары мен жаулары» ондаған жылдар бойы Америка экономикасын тонап келгенін мәлімдеді. Ол мұның бәрі «өте тез» болатынын айтты:

АҚШ 3 сәуірден бастап жеңіл көліктер, жеңіл жүк көліктері мен автокөлік бөлшектерінің импортына 25% баж салығын енгізеді;

АҚШ барлық импортқа 10 пайыздық баж салығын енгізеді.

Дональд Трамп басқа елдерден келетін тауарларға баж салығы бар кестені көрсетті (ол кестелерді Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында да жариялады).

Баж салығы енгізілетін елдер тізімінде:

  • Камбоджа – 49%;
  • Лаос – 48%;
  • Мадагаскар – 47%;
  • Вьетнам – 46%;
  • Шри-Ланка – 44%;
  • Мьянма – 44%;
  • Таиланд – 36%;
  • Сербия – 37%;
  • Қытай – 34%;
  • Бангладеш – 34%;
  • Тайвань – 32%;
  • Индонезия – 32%;
  • Швейцария – 31%;
  • Оңтүстік Африка – 30%;
  • Пәкістан – 29%;
  • Үндістан – 26%;
  • Оңтүстік Корея – 25%;
  • Малайзия – 24%;
  • Жапония – 24%;
  • Еуропалық Одақ – 20%;
  • Израиль – 17%;
  • Филиппин – 17%;
  • Ұлыбритания – 10%;
  • Бразилия – 10%;
  • Сингапур – 10%;
  • Чили – 10%.

Посткеңестік елдер арасында Молдова үшін жоғарырақ баж салығы енгізіледі – 31%. Армения, Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Украина, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан үшін 10 пайыздық баж салығы енгізіледі. Ресей мен Беларусь тізімде жоқ.

Өз кезегінде Қазақстанға 27 пайыздық баж салығы белгіленді. Ақ үйдің мәліметінше, Қазақстанда америкалық өнімдерге 54 пайыздық баж салығы бар.

Серіктес жаңалықтары