$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда терминалдан 680 мың теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды

Ұсталғандардың бірі бұрын сотталғаны белгілі болды

Оралда терминалдан 680 мың теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында терминалдан 680 мың теңге ұрлаған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиға 28 наурыз күні кешкі уақытта қаладағы сауда үйлерінің бірінде болған. Күдіктілер банк терминалының ұяшығынан 680 мың теңге ұрлап кеткені анықталды. Бұл қаражат 53 жастағы қала тұрғынына тиесілі болған. Ол ақшаны банкнот қабылдағышына салып, операция аяқталды деп ойлап, алыстап кеткен. Дәл осы сәтте техникалық ақау болып, күдіктілер жағдайды пайдаланып кеткен.

Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта үш күдіктіні ұстады. Олар ұрланған ақшаны өзара бөлісіп алған. Олардың арасында бір адам бұрын сотталғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#БҚО #полиция