$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында экс-шенеунік 91 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінде

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Ұлытау облысында экс-шенеунік 91 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінде
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Сәтпаев қаласы әкімдігінің ТҚШ бұрынғы басшысы мен өзге де тұлғалар 91 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, іс жүзінде жоқ ғимаратты мемлекеттік мұқтаждық үшін жалған сатып алу арқылы 91 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деп айыпталып отыр.

Тергеу барысында күдіктілерге қатысты әр түрлі бұлтартпау шаралары қолданылып, олардың мүліктеріне тыйым салынды.

07.03.2025 ж. қылмыстық іс сотқа жолданды.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары