$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда қыз баланы жағажайда зорламақ болған күдікті қамауға алынды

Оқиға 11 наурызда болғаны белгілі болды

Ақтауда қыз баланы жағажайда зорламақ болған күдікті қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Желіде Ақтау жағалауында түнде түсірілген видео тарады. Кездейсоқ өтіп бара жатқандар қыз баланы зорламақ болғандардан құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрда бет-жүзі қанға боялған ер адамның жерде жатқанын, оны жан-жақтан көп адам қоршап алғанын байқауға болады. Белгілі болғандай, ол Ақтаудағы жағалауда бейтаныс қыз баланы зорламақ болған. Кездейсоқ өтіп бара жатқандар қыз баланы зорламақ болғаннан құтқарып қалып, полицияға тапсырған.

Полиция фактіні растады. Оқиға 11 наурызда болғаны белгілі болды.

«Осы жылдың 11 наурызында видеоға түсірлген зорлау әрекеті фактісі бойынша дереу қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды», - деп Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі редакцияның сауалына жауап берді.

Серіктес жаңалықтары