Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
«Ұлғайсын – Сексеуіл» тасжолын жөндеу барысында 7,1 млрд теңгені желге шашпақ болғаны анықталды
Қазақстан жолдарын жөндеу барысында миллиардтаған ақшаның ысырап жасамақ болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Шымкенттен Ресей шекарасына барар жолдағы «Ұлғайсын – Сексеуіл» тасжолын жөндеу барысында 7,1 млрд теңгені желге шашпақ болғаны анықталды.
Ал «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» жолын күрделі жөндеу кезінде сметада жекелеген материалдар мен жұмыстың бағасы дұрыс көрсетілмеген болып шықты. Сметалық құн қайта есептеліп, жоба құны 21,6 млрд теңгеден 18,9 млрд теңгеге дейін азайтылған.
«Жол саласындағы бюджет қаражатының жұмсалуы назарда», – делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.