Бүгін, 11:12
Жаңалықтар
Қазақстанда бір айдың ішінде 100-ден аса жемқор 3,7 млрд теңгені жымқырып үлгерген
81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілді
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда өткен қыркүйек айында 100-ден аса жемқордың 3,7 млрд теңгені жымқырып үлгергені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, 106 сыбайлас жемқорлық ісі анықталған.
«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.
Қылмыстық істердің нәтижесі бойынша 3,7 млрд теңге қолды болғаны анықталды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)