Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады

Дегенмен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 8-10 қазан күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» мәліметінше, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, шығыста көктайғақ болуы мүмкін. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

  • Елдің батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды.
  • Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндізгі температураның негізгі фоны +10+27°С болады.
  • Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді.
  • Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны +3+10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады.