Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
Тест 17 түрлі жануар мен құстың етін анықтайды
Бір топ ғалым шикі ет пен әртүрлі дайын ет өнімдерінің құрамын анықтайтын отандық ПТР-тест ойлап тапқан. Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, ол тест еттің құрамын тексеріп, оның ішінде арам жануарлардың еті табылса, белгі береді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жалпы, дереккөзге сүйенссек, қазір Қазақстанда еттен жасалған тамақтардың сыртына теріс ақпарат жазылатын сәттер көп кездеседі.
«Ет өнімдерінің құрамына қатысты мәселе әлі де өзекті. Шұжықтың, жартылай фабрикаттардың, консервілердің және басқа да өнімдердің нақты құрамы қаптамасында жазылған ақпаратқа сай келмеуі мүмкін», - деп жазады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Әсіресе, тартылған еттің, термиялық өңдеуден өткен еттің ішінде қандай малдың еті бар екенін анықтау аса қиын. Сондықтан, қазақстандық ғалымдар еттің құрамында басқа арам малдың еті болса, соны анықтайтын тест ойлап тапқан.
«ПТР-тест 17 түрлі жануар мен құстың ДНҚ-сын айқындауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тест үй жануарларының сегіз түрі, атап айтқанда, ірі қара, жылқы, шошқа, қой, ешкі, есек, ит және мысық, ал жабайы жануарлардың алты түрі – ақбөкен, марал, елік, арқар, егеуқұйрық және тышқанның етін, сондай-ақ тауық, үйрек және күркетауықтың етін анықтай алады», - деп хабарлайды АШМ.