Бүгін, 11:58
Жаңалықтар
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Фото: Қорғаныс министрлігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийдегі трагедиядан кейін қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, 24 қыркүйек күні Каспий теңізінде оқу-жаттығу өткізіліп, 14 сарбаз суға кеткен. Арнайы құрылған комиссияның есебінде оқу-жаттығу барысында жіберілген кемшіліктер айтылған. Осыдан кейін президент Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жасап, екі орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатқан.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды