02.04.2025, 15:37
Саясат
Тоқаев Ақордада энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады
Биыл Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 17,6 млн тоннаға жеткізбек
Фото: Ақорда
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады, деп хабарлайды
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде мынандай негізгі мәселелер қаралған:
- отын-энергетика кешенін дамыту;
- мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысы;
- биыл мұнай өңдеу көлемін 17,6 миллион тоннаға жеткізу;
- мұнай өңдеу саласын 2040 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу.
Негізгі жобалардың арасында Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыттарын салу, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісі мен «Талдықорған – Үшарал» газ құбырын жүргізу сынды жобалар айтылған.
Сонымен қатар, 2035 жылға қарай қуаты 26 ГВт-тан асатын жаңа генерациялау кешендерін іске қосу мәселесі талқыланғаны хабарланып отыр.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, президент министрге мынандай тапсырмалар берген:
- мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергетикасы салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру;
- энергетикалық қауіпсіздік сақтау, тұрғындар мен өндірістік нысандарды қуат көзімен тұрақты қамтамасыз ету;
- инвестициялық климатты жақсарту және геологиялық барлауға стратегиялық инвесторларды тарту.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды