АҚШ пен Ұлыбритания әлемге қожайын сияқты қарайды – Лукашенко Украинадағы соғысқа себеп тапты

Темірхан Айжан

Ол әлем ауыр дағдарыста екенін атады

АҚШ пен Ұлыбритания әлемге қожайын сияқты қарайды – Лукашенко Украинадағы соғысқа себеп тапты
Фото: Ақорда

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы соғысқа Америка мен Ұлыбритания «гегемониясын» кінәлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Вашингтон – Лондон гегемониясы әлемге өзінің жекеменшігі сияқты қарайды. Жер планетасындағы миллиардтаған адамның өмірін олар ойыншық құрлы көрмейді. Олар тек өз дегеніне жету жолындағы құрал ғана. Міне, саяси экономияның нақ өзі. Бұл халықаралық қауіпсіздік саласындағы көптеген сын-қатерлердің басты себебі. Осы философияға салсақ, Украинадағы соғыстың себебі де осы. Әлі жалғасып жатқан соғысқа не себеп болғанын білмейміз», - дед ол.

Оның сөзінше, әлем соның кесірінен ауыр дағдарысты басынан кешуде.

«Бұл жағдайда ШЫҰ мүшелері не істей алады? Жаһандық саясаттағы сын-қатерлерге біз ауызбіршілік арқылы ғана төтеп бере аламыз. Ол үшін біз ұйымның жауапкершілік аймағына шоғырлануымыз керек. Дәл осындай тәсіл Үлкен Еуразияны құру қажеттілігін айқындайды», - деді Беларусь басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.