«Әдемі де әсем Астана»: ШЫҰ саммитінде президенттер сөз сөйлеп жатыр

Azattyq Rýhy

Ең алдымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз алды

«Әдемі де әсем Астана»: ШЫҰ саммитінде президенттер сөз сөйлеп жатыр
Фото: Ақорда

Бүгін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитіндегі «ШЫҰ плюс» форматындағы отырыс өтіп жатыр. Бұл отырысқа ұйымға мүше елдерден  басқа, бақылаушы елдердің өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин ұйымның саммиті жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.

«Сіздермен әдемі, әсем Астанада кездескеніме қуаныштымын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың арқасында іс-шарамыз керемет деңгейде өтіп жатыр. Қазақстан төрағалық еткен жылы Шанхай Ынтымақтастық ұйымы дамудың жаңа бағытына бет алды. Адамзат баласы қазір қарқынды өзгеріске ұшырап жатыр», - деген ол өз еліндегі «Шанхай рухы» атты бағыт туралы айтты.

«Шанхай рухы» деп аталатын ұстаным бар. Осы ұйымға мүше мемлекеттерімізде тұратын халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, олардың бақытты ғұмырға қол жеткізуін қамтамасыз ету – ұйымның басты мақсаты», - деді Си Цзиньпинді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.