Путин: Ресей бейбіт келісімнен ешқашан бас тартқан емес

Azattyq Rýhy

Астанада «ШЫҰ+» кездесуі өтіп жатыр

Путин: Ресей бейбіт келісімнен ешқашан бас тартқан емес
Фото: Ақорда

Владимир Путин Ресей мен Украина келіссөздерінің ықтималдығы туралы Астанада өтіп жатқан «ШЫҰ+» кездесуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз ШЫҰ мүше мемлекеттерінің АҚШ саясаты салдарынан туындаған Украина дағдарысын шешуге бағытталған нақты ұсыныстары үшін разымыз. Ресей бейбіт келісімнен ешқашан бас тартқан емес және қазір бейбіт келіссөздерді жалғастыруға дайын. Украина келіссөздерден бас тартты және оны Лондоннан, демек, Вашингтоннан тікелей нұсқау бойынша көпшілік алдында жасады. Украина ресми өкілдері мұны ашық айтты. Бұл ретте, Ыстамбұл келісімі әлі де күн тәртібінде, бұл үшін Түркия президенті Ердоғанға алғыс айтамын және ол бейбіт келісімді жалғастыруға негіз бола алады», - деді Путин Астанадағы ШЫҰ саммитінде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.