«Қоғам болып жұмылудың маңызы зор»: сенаторлар қаза тапқан кеншілерді еске алды

Отырыс бір минут үнсіздіктен басталды

«Қоғам болып жұмылудың маңызы зор»: сенаторлар қаза тапқан кеншілерді еске алды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Костенко» шахтасында қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында болған қайғылы жағдай халықтың қабырғасын қайыстырғанын айтты.

«Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұдан былай еліміз «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен жан-жақты инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатады. Проезиденттің тапсырмасына сәйкес зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Расымен, осындай сәтте қоғам болып жұмылу мен өзара демеудің маңызы зор. Сондықтан мезгілсіз қайтыс болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына Сенаттың атынан тағы да көңіл айтып, бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Әшімбаев.

Еске салсақ, «Костенко» шахтасындағы апаттан 46 кенші қаза тапқан еді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.