Тоқаев Ақордада Мажарстан Премьер-министрін қарсы алды
Екі ел арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланбақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Қазақстан басшылығымен келіссөз барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Айта кету керек, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтеді.
Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.