01.11.2023, 16:28
Саясат
Қазақстан мен Франция қандай маңызды құжаттарға қол қойды
Келісімдерге екі елдің ресми делегация мүшелері қол қойды
Фото: Ақорда
Ақордада екіжақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Франция басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, екі елдің ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық (француз) мектептер ашуға және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісім;
- Франция мен Қазақстан арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен ниет декларациясы;
- «QazBioPharm «ҰХ» АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісім;
- Энергияны жинақтау жүйесі бар, жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын туралы келісім;
- «Қазақстан Республикасында теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды, сондай-ақ теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету» жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім.
Көп оқылған
12.05.2026, 11:29
«Екі өкпеден бір сәтте пышақ сұққан»: Талғар полициясы жас жігітті өлтіргендерді ұстау үшін ауыл маңына блокбекет қоюға мәжбүр болған
12.05.2026, 16:08
«Балапан» продюсері бала күнімде зорлады»: телеарна желідегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
12.05.2026, 14:17
Атырауда қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты ашық режимде өтетін болды
12.05.2026, 09:31
«Әзілдеп жасаған»: 9-сынып оқушылары Астана мен Алматы облысында 14 жерге «бомба қойған»