$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды

Президент кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жетіге жеткенін атап өтті

Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды
Фото: БОРТ N1

Астанада Тоқаевтың қатысуымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды. Саммиттің ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы алдымен қатысушыларға алғысын білдірді.

«Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысқандарыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жетіге жеткенін атап өтті.

«Бұл шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді. Біз Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз», - деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары