13.10.2022, 10:07
Саясат
Владимир Путинді әуежайдан Әлихан Смайылов күтіп алды
Ресей президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Үкіметтің Telegram-каналына сілтеме жасап.
Ресей президентін елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр.
Сонымен қатар, РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтілуде.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)