$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ХХІ ғасыр Азияның ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Азияның болашағы біздің мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығымызға байланысты деп атап өтті

ХХІ ғасыр Азияның ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды - Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: akorda.kz

Әлемдік ахуал қауіп-қатердің алдында тұрғанда көпжақты ашық диалогқа оралу өте маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде айтты.

«Менің ойымша, біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет – бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлер жағдайында халықаралық қатынастарда тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерге жаңа серпін беру және ашық диалогқа оралу өте маңызды. Ең алдымен, біз Азия континентінің халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі маңызын нығайту мақсатында әлемнің жаңа күн тәртібін қалыптастыруға күш салуымыз керек», - деді Тоқаев.

Осылайша, Президент Азия аумағы мемлекеттерінің бүкіл адамзаттың қоғамдық, мәдени, технологиялық прогресінің негізгі қозғаушы күші болғанына баса назар аударды.

«ХХІ ғасыр Азияның ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды. Азия номиналды ЖІӨ және сатып алу қабілетінің паритеті бойынша танымал әлемдік экономикалық көшбасшыға айналды. Аймақ айтарлықтай адами және табиғи ресурстарға ие. Әлемдегі ең ірі 30 қаланың 21-і Азияда орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың 30 триллион долларлық тұтынуының барлық болжамды өсуінің тек 1 триллион доллары Батыс экономикаларына түседі деп күтілуде. Алайда, Азияның болашағы біздің мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығымызға байланысты», - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті дамыту үшін қабылданған қадамдар осы мақсатқа сәйкес келетініне сенім білдірді. Кеңес бұдан былай Азия континентінде жұмыс істейтін басқа да табысты көпжақты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы прогреске, экономикалық өркендеуге және диалогқа ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары