$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2021, 22:46
Саясат

«Алексей Навальный, Светлана Тихановская, Джо Байден»: букмекерлер Нобель сыйлығына қатысты болжамын жариялады

Басты фаворит - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

«Алексей Навальный, Светлана Тихановская, Джо Байден»: букмекерлер Нобель сыйлығына қатысты болжамын жариялады
BBC News

8 қазан күні берілетін Нобель сыйлығына 329 үміткер (234 адам; 95 ұйым) қатысуда. Сыйлықты табыстау рәсімі жақындаған сайын букмекерлердің жан-жақты болжамы да көбеюде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі, BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Букмекерлердің бұл жолғы басты фовориті – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Номинацияға COVID-19 вакцинациясына жаһандық қол жетімділікті қамтамасыз ететін COVAX жобасы ілінді.

2021 жылдың соңына қарай осы жоба бойынша екі миллиардқа жуық вакцина дозасын, оның ішінде жартысынан көбін табыс деңгейі төмен 92 елге жеткізу көзделіп отыр.

Фавориттер тізіміндегі келесі үміткерлер – «Шекарасыз репортерлер». Ослодағы бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының директоры Хенрик Урдал «Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында: «Бұл – оқиғаларды тәуелсіз жариялаудың және жалған жаңалықтармен күресудің демократиялық басқару үшін маңызы зор пікірталас жаңғырығы», - деді.

Бұл ретте букмекерлер Алексей Навальныйдың, Светлана Тихановскаяның және Грета Тунбергтің мүмкіндігін шамамен бірдей бағалайды. Өз кезегінде Хенрик Орал Тихоновскаяның «Беларуссиядағы демократия науқанындағы ерекше рөлі үшін және демократиялық қозғалыстың номиналды жетекшісі ретінде» мүмкіндігін жоғары бағалап отыр.

Сондай-ақ, үміткерлер тізіміне Джо Байден, Ангела Меркель және Билл Гейтс те енуі мүмкін деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары