«Жіпке ілінген қуыршақ»: Лукашенко Тихановскаяға кімдер демеушілік көрсетіп отырғанын айтты
Лукашенко Варшавада құпия орталықтың бар екендігін айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко оппозиция жетекшісі Светлана Тихановскаяның тәуелсіз саяси тұлға емес екенін және оның қызметі шетелден қаржыландырылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі radiosputnik-ке сілтеме жасап.
«Тихановская - оның артында тұрған адамдардың «үні». Олар қаржыландырады, бағыттайды, бағытты анықтайды», – деді Лукашенко «Россия 1» телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ресейлік және беларусьтік сарапшылар оппозицияның әрекеттерін Вашингтоннан басқарып отыр.
Лукашенко Варшавада құпия орталықтың бар екендігін айтты.
«Орталық құрылды, онда жүзден астам адам Варшавада жұмыс істейді, сол жерден «қуыршақтар жіптерге тартылады», – деді Беларусь басшысы.
Еске салайық, Беларусьтегі президенттік сайлау 9 тамызда өтті. ОСК есептеуінше, 80 пайыздан астам дауыс жинап, Александр Лукашенко жеңіске жетті. Оның қарсыласы Светлана Тихановская 10 пайыздан астам дауыс жинады. Кейіннен оппозиционер Литваға кетіп қалды.