$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2021, 19:56
Саясат

«Мен батькамын!»: Лукашенко өзіне таңылған лақап атпен мақтанды

Беларусь басшысы ресейлік БАҚ-қа сұхбат берді

«Мен батькамын!»: Лукашенко өзіне таңылған лақап атпен мақтанды

Беларусь президенті Александр Лукашенко өзін «батька» дейтіндерге бұл лақап атқа үйреніп қалғанын айтты, сонымен қатар президенттің рөлін доңғалақта жүгіріп тұратын тиінмен салыстырды.

«Мен «батькамын». Ұнаса да ұнамаса да «батька» деген менмін. Мен бұған үйрендім», - деді Беларусь басшысы «Россия 1» телеарнасына берген сұхбатында.

Президенттің айтуынша, ол шаршамайды себебі, шаршауға уақыты жоқ.

«Президент – бұл доңғалақта жүгіріп жүрген тиін. Тоқтау мүмкін емес. Доңғалақ айналады - сіз жүгіресіз, жүгіресіз, жүгіресіз. Сондықтан, адамдар айтқандай, құлап та кетпейсіз», - деді Лукашенко.

Беларусь басшысының айтуынша, оның жұмыс күнінің басы мен аяғы жоқ, ал ерекше қиын кезеңдерде бірнеше күн үздіксіз жұмыс істеуге тура келеді. Лукашенко сонымен бірге бала кезінен ерте тұруға дағдыланғанын айтты.

«Мен таңғы 6-да оянамын, жарты сағаттан соң жаттығу жасаймын», – деді Лукашенко.

Серіктес жаңалықтары