Таулы Қарабақ: Пашинян мен Әлиев Мәскеуде кездеседі
Тараптар 9 қарашадағы Таулы Қарабақ бойынша үш ел көшбасшыларының мәлімдемесін іске асыру барысын талқылайды

Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянның үшжақты келіссөзі Ресей басшысының бастамасымен 11 қаңтарда Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Тараптар 9 қарашадағы Таулы Қарабақ бойынша үш ел көшбасшыларының мәлімдемесін іске асыру барысын талқылайды.
«Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің бастамасымен 2021 жылғы 11 қаңтарда Мәскеуде Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев пен Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянның үшжақты келіссөздері өтеді. Әзербайжан, Армения және Ресей басшыларының Таулы Қарабақ бойынша 2020 жылғы 9 қарашадағы мәлімдемесін іске асыру барысын қарап, өңірдегі проблемаларды шешу үшін алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстарды талқылау жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметінше, соғыс қимылдары салдарынан зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек көрсету, сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік байланыстарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, Владимир Путиннің Ильхам Әлиевпен және Николай Пашинянмен жеке кездесулері жоспарланған.
Таулы Қарабақта 2020 жылдың 27 қыркүйегінде жағдай шиеленісіп, белсенді шайқастар басталды. Баку мен Ереван 1988 жылдың ақпан айынан бастап аталған аймаққа таласып келеді.
Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2020 жылдың 9 қарашасында Таулы Қарабақтағы әскери операцияларды толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.