$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 17:30
Саясат

Комадан шыққан Навальный әлеуметтік желіде алғашқы жазбасын жариялады

Ресейлік оппозиционер өз күшімен дем ала бастағанын жариялады

Комадан шыққан Навальный әлеуметтік желіде алғашқы жазбасын жариялады
Фото: instagram.com/navalny/

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың жағдайы түзеліп келеді. Жақында медициналық комадан шыққан саясаткер бүгін Instagram желісінде жазба қалдырып, өз күшімен дем ала бастағанын айтты.

«Сәлем. Бұл – Навальный. Сіздерді сағындым. Мен әлі жарытып ештеңе істей алмаймын. Бірақ кеше күні бойы өз күшіммен дем алдым. Қатты ұнады. Бұрын бағалай бермейтін процесс», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 20 тамызда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жансақтау бөліміне түскен еді. Ол уланған болуы мүмкін деген болжам айтылды.

21 тамызда Ресей дәрігерлері Навальныйдың жағдайына қатысты нақты диагнозды айтудан бас тартты.

25 тамызда неміс дәрігерлері Алексей Навальныйдың уланғанын мәлімдеді. Ал 3 қыркүйекте Алексей Навальныйдың ағзасынан «Новичок» уының ізі табылғанын хабарлады.

7 қыркүйекте оны медициналық комадан шығарып, біртіндеп өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратты.

10 қыркүйекте Алексей Навальный уланудан кейін өзіне келіп, есін жоғалтқанға дейінгі оқиғаларды есіне алды.

Серіктес жаңалықтары