Лотереядан 80 млн доллар ұтып алған америкалық азамат жұмысын тастаудан бас тартты
Американың Мичиган штатының 54 жастағы тұрғыны Филип Чиппева Michigan Powerball лотереясынан 80 млн доллар ұтып алды, деп хабарлайды Fox News
«Чиппева лотерея билеттерін жиі сатып алып жүрген, бірақ соңғы рет алған билетін өзінің жүк көлігінде қалдырып кеткен. Кейін оған келіні хабарласып, ұтысты билет Чиппеваның өңірінде екенін хабарлаған. Сол кезде ғана ол әйелі екеуі билетті тексерген», - деп жазады басылым.
Ұтыс иегері билетті тексеріп, 80 миллион доллар ұтып алғанын білгенде көзіне жас алғанын айтты. Салық төлегеннен кейін ол қолына 42 миллион доллар алады.
«7 баласы, 21 немересі бар Чиппева ең алдымен үй, мотоцикл және автокөлік алуды жоспарлап отыр. Ол байлық оны өзгертпейтініне сенімді», - деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, Чиппева әлі де жұмысқа барып жүр және бастығы одан не үшін жұмысты тастамайтынын күнде сұрайтын көрінеді.