Ресей хакерлері WADA компьютерлеріне шабуыл жасады - Microsoft
Microsoft компаниясы Ресей хакерлері мемлекет билігінің қолдауымен ең кемінде 16 ұлттық және халықаралық спорт және допингке қарсы агенттіктердің, сонымен қатар WADA ұйымының компьютерлеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп жазады The New York Times
Кейбір агенттіктерді қорғаумен айналысатын Microsoft компаниясының хабарлауынша, Ресей тарапынан шабуыл 16 қыркүйекте, яғни, WADA Ресейдің допинг тесттегі сәйкессіздіктерге байланысты жаңа жаза алуы мүмкін екенін хабарлағаннан бірнеше күн бұрын бастаған. Microsoft кибершабуыл құрбандарын атамады, дегенмен, кейбір шабуылдардың сәтті жүзеге асырылғанын мәлімдеді.
Компания кибершабуылды қадағалап, оны Ресей қолдап отырған хакерлер тобы жасап жатқанын анықтаған.
Ресейдің допингке қарсы агенттігінің басшысы Юрий Ганус ешқандай кибершабуыл туралы ақпарат алмағанын айтты. Дегенмен, ол өткен айда Ресей бұған дейін сәтсіз допинг-тестілерді жасыру мақсатында спортшылардың мәліметтер базасында мыңдаған өзгерістер енгізгенін айтқан болатын.