$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2019, 00:30
Жаңалықтар

Ақмола облыстық мәдениет, құжаттамалар басқармасының басшысы парамен ұсталды

Ол мәдениет саласында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қитұрқылықтарға барған, деп жазады ktk.kz

Ақмола облыстық мәдениет, құжаттамалар басқармасының басшысы парамен ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облыстық мәдениет, құжаттамалар басқармасының басшысы атқарылған жұмыс актісіне қол қою үшін кәсіпкерлерден 15 миллион теңге мөлшерінде пара алған. Ол параны мамыр-қазан айлары аралығында бірнеше бөліп алған. Басқарма басшысы кәсіпкерден қалған 5 миллион 700 мың теңгені алып жатқанда ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Күдікті қылмыс үстінде ұсталып, Көкшетау полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Күдікке қатысты түпкілікті шешім оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сотпен қабылданатын болады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров. 

Серіктес жаңалықтары