Қытайда 67 жастағы әйел босанды
Қытайда 67 жастағы әйел қызды болды, деп хабарлайды The Mirror
67 жастағы Тянь Ин өзінің жүкті екенін 6-сәуір күні Бейжіңдегі медициналық тексеріс кезінде білген. Дәрігерлердің ұсынысына қарамастан ол түсік жасатудан бас тартқан.
«Дәрігерлер жүктіліктің 34-аптасында емделушінің қан қысымы мен қандағы қант мөлшерінің көтерілуіне байланысты кесар тілігін жасауды ұсынған, бірақ Ин одан бас тартқан. Операция жүктіліктің 36-аптасында жасалды», - деп жазады басылым.
Тянь салмағы 2,5 килограмм болатын қыз баланы дүниеге әкелді. Оған Тяньцы деген ат қойылды. Ал Тяньнің күйеуі 68 жастағы адвокат Хуан Хэпиннің айтуынша, олар бұл баланы жоспарламаған. Дегенмен, олардың ұлы және қырықтан асқан қызы бұл шешімді қолдамағандықтан, ата-анасымен байланыстарын үзген.
«Тяньнің бірнеше немересі бар. Олардың ең үлкені 18 жаста. Дегенмен, олар қыздарын ешкімнің көмегінсіз өсіруді жоспарлап отыр», - деп жазады басылым.