«Жол беруге болмайды»: ҚР СІМ Сауд Арабиясындағы шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Министрлік шабуылдарды тоқтатып, дағдарысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуге шақырды

«Жол беруге болмайды»: ҚР СІМ Сауд Арабиясындағы шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған, адам өліміне әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды әрі олар халықаралық құқық нормаларын бұзады.

«Мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Министрлік бұл әрекеттер Йемендегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерге кедергі келтіріп, қақтығысты саяси жолмен шешу мүмкіндігін қиындататынын атап өтті.

Қазақстан шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.

Сонымен қатар Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігін қолдайтынын білдіріп, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растады.