Жетісу облысының полицейлері өртеніп жатқан КамАЗ-дан бір үйір жылқыны айдап шығарды
Жүк көлігі тас жолдың бойында өртене бастаған
Жетісу облысында патрульдік полиция қызметкерлері өртеніп жатқан көліктен бір үйір жылқыны айдап шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың бұл ерлігі жолда кетіп бара жатқан жолаушылар түсіріп алған. Жетісу облысының полициясы да видеоматериал ұсынып, оқиғаның қалай өрбігенін көрсетті.
«Бүгін Алматы – Өскемен тасжолын патрульдеу жүрген полиция қызметкерлері қозғалыс кезінде өртене бастаған Volvo жүк көлігін байқаған. Тәртіп сақшылары дереу тоқтап, жүргізушіге көмектесе бастады. Бірақ, жүк көлігінің ішінде 38 жылқы тиелген екен. Бұл жағдайды тіпті қиындата түскен», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жылқылар жанып кетуі мүмкін болған соң полицей мен көлік иесі өрт сөндірушілерді күтпей, әрекет еткен. Полицейлер көліктің есігі мен ағаш жабдығын сындырып, жылқыларды сыртқа айдап шығарған.
Бүгін қоғам осы видеодағы екі қызметкердің ерлігіне тамсанып, оларды марапатқа ұсыну керек деген пікірлерін айтып жатыр.
