Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар

Он күн ішінде полиция 200 келі есірткі тәркілеген

Соңғы он күн ішінде Қазақстанның ішкі істер органдары есірткі қылмысына қатысы бар 35 адамды ұстап, айналымнан 200 келі есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ұсталғандарға қатысты ақпарат айта келе полиция бірқатар күдіктінің жасы мен тұрғылықты жеріне қатысты ақпарат берген.

Мәселен, қолға түскен азаматтардың біреуі егде жастағы азамат болып шыққан. Алматыда тұратын азаматтың көлігі мен пәтерінен 220 грамм қауіпті зат табылған.

Шымкентте қолға түскен күдіктінің жасы небары 21 жаста болған. Полиция тінту кезінен жігіттен жарты келіге жуық қауіпті зат тапқан.

«Полиция сондай-ақ Алматыдан Павлодарға келіп, есірткі сатпақ болған 32 жастағы әйелді ұстаған. Ол әлеуметтік желі арқылы курьер ретінде жұмыс тапқан көрінеді. Оны жеке тінту кезінде бір жарым килограмға жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді», - деп хабарлайды полиция.

Жалпы осы он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 фигурант ұсталған. Оның ішінде, 19 адам есірткі өткізу фактілері бойынша, 3 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін; 8 адам контрабанда үшін, 3 адам улы заттардың заңсыз айналымы үшін, 1 адам есірткі өсіргені үшін және 1 адам есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін ұсталды», - деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.