Енді меморгандар мен әкімдіктер е-өтінішпен түскен арызды бір-біріне 3 реттен артық сілтей алмайды
Олар енді бәрін заңмен түсіндіруге тиіс
Тұрғындардың е-өтініш арқылы жолдаған талап-арызын мемлекеттік органдар бір-біріне 3 реттен артық сілтей алмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа заңға сәйкес, енді олар не себепті өзге органға жібергенін және неге мәселені шеше алмайтынын түсіндіруі керек. ЖИ және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, кейінгі уақытта азаматтар сұрақтарына мемлекеттік органдардың тек формалды жауап беретінін айтып, шағымдана бастаған.
Сондай-ақ өтініш берушілердің бір сұрақты мемлекеттік органдарға қайта-қайта жіберетіні анықталды. Осыған байланысты ЖИ және цифрлық даму министрлігінде өткен жиында мемлекеттік органдарға ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқан мәселелермен насаналы түрде айналысу ұсынылды.
Бас прокуратура мемлекеттік органдардың өтініштерді себепсіз жолдай беруіне қатысты әкімшілік жауапкерлік барын ескертті.
