Бүгін, 06:19
Спорт

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды

Спортшы финалда жапониялық қарсыласын жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды
Фото: International Judo Federation

Қазақстан құрамасының өкілі 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы алтын жүлдеге ие болды.

Қазақстан құрамасының өкілі 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалға дейін жетті.

Шешуші белдесуде Еруланұлы Жапония спортшысы Сокей Хираноға қарсы татамиге шықты. Қазақстандық дзюдошы қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында турнирдің екі жүлдесі бар. Бұған дейін дәл осы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Асқар Біржанов қола медаль жеңіп алған еді.

Қазіргі уақытта ұлттық құраманың еншісінде бір алтын және бір қола медаль бар.