Қазақстандағы балалар футболы: спорт па, бизнес пе
Астанадағы бағалар қандай деңгейде
Қазір Қазақстанда сұранысқа ие спорттың бір түрі – балалар футболы. Мемлекеттік спорт мектептерінен бөлек, жекеменшік футболдар көп. Бірақ, сол балалар футболы біреулер үшін табыс көзіне айналған ба? Ата-аналар төлеген қаражат қайда жұмсалады? Жарыстардың ақылы болуы тиімді ме? Осы мәселені Аikyn.kz зерттеп көрді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әрине, кез келген ата-ана баласын футболға кәсіби спортшы болсын деген мақсатпен ғана бермейді. Ең әуелі баланың дені сау болып өскенін, қандай да бір қабілетті меңгергенін қалайды. Әйткенмен, кейбір отбасылар үшін баланың футболмен айналысуы қосымша қаржылық міндеттемеге айналып барады. Оны бірінің қалтасы көтерсе, енді бірінде жетіспей жатады.
«Астаналық Айғаным есімді ананың 5-сынып оқитын ұлы AlBYN футбол мектебінде жаттығады екен. Оның ай сайынғы жаттығу ақысы – 35 000 теңге. Осыған байланысты екіжақты келісімшарт жасалып, төлемнің түбіртегі белгіленген тәртіппен расталады. Егер жаттығу мектептің тарапынан тоқтап не болмаса сапасыз өткізілсе, қаражаты қайтарылады екен», - деп жазады сайт.
Айтуынша, ай сайынғы төлем жаттығу процесі мен оны ұйымдастыру шығынын қамтиды. Ал форма, жеке спорттық жабдықтар және шетелдегі жарыстарға қатысу шығыны бөлек төленеді. Қосымша шығынның көлемі әр іс-шараның ерекшелігіне байланысты.
Материалдың толық нұсқасын сайтынан оқи аласыздар.
