Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды

Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автожол учаскесінде қозғалыс толығымен қалпына келтірілді

Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 2026 жылғы 22 қарашада Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автожол учаскесінде қозғалыс толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, сағат 09:00-ден бастап көліктің барлық түрі үшін «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776–965 шақырым аралығындағы учаскесі ашылды. Бұл – Ақтөбе қаласындағы «Эко Ойл» жанармай құю станциясы мен Қарабұтақ ауылының аралығы.