Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды
2026 жылғы 22 қарашада еліміздің бірнеше ірі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды
Бүгін, 2026 жылғы 22 қарашада еліміздің бірнеше ірі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды. Мамандар қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты тұрғындарға арнайы ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, 22 қараша күні еліміздің 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Орталық және солтүстік өңірлерде Астана, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Балқаш қалаларында, оңтүстік пен шығыста Алматы, Талдықорған және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін. Ал батыс өңірде ҚМЖ Атырау қаласында болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
1.Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.
2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
3.Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.
