11.10.2026, 21:57
Жаңалықтар
Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын әуежайдан күтіп алды (ВИДЕО)
Мәртебелі меймандар Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.

Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
25.11.2026, 01:27
Алматыдағы оқиға: Атакенттегі атыс тұрғындардың зәресін ұшырды (ВИДЕО)
24.11.2026, 20:36
Ертістегі қайғылы оқиға: Шығыс Қазақстанда үш балықшы жұқа мұз астына түсіп, қаза тапты
