$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысындағы тікұшақ апаты: экипаж мүшесінің денесі табылды

Сонымен қатар көлден әскери тікұшақтың фрагменттері шықты

Алматы облысындағы тікұшақ апаты: экипаж мүшесінің денесі табылды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сорбұлақ көлінде әскери тікұшақтың фрагменттері мен бір экипаж мүшесінің денесі анықталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қалай табылды

Ведомствоның мәліметінше, апат орнын анықтау үшін спутниктік деректер мен математикалық есептеулер қолданылған. Соның арқасында іздеу аймағы нақтыланып, арнайы техника мен құтқару топтары жіберілген.

«Анықталған квадратқа іздестіру топтары дереу жіберілді. Су астындағы жұмыстар барысында 14 метр тереңдіктен тікұшақтың бөлшектері және бір экипаж мүшесінің денесі табылды. Қазір жеке тұлғаны анықтау үшін опознание жүргізілуде», – делінген министрлік хабарламасында.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Апаттан кейін бірнеше күн бойы іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қорғаныс министрлігі қалған экипаж мүшелерін табу үшін жұмыстар тоқтаусыз жалғасатынын мәлімдеді.

Контекст

Айта кетсек, жақында Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Бұл ақпаратты Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі растады. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Кейінірек Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясынан Қазақстан Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылды. Ал іздеу жұмыстарына 400-ге жуық адам, 70-тен астам жер үсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, су асты сканерлеу құралдары, сондай-ақ кинологиялық есептоптар тартылды. Содан кейін Сорбұлақ су қоймасы аймағында жоғаған тікұшақты іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатқаны айтылды.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Әуе қорғанысы күштерінің бес күн бұрын жоғалып кеткен EC-145 тікұшағын іздеу жұмысының барысымен жеке танысты. 11 тәулік бойы жалғасып жатқан тікұшақты іздестіру-құтқару операциясына 330-дан астам жеке құрам, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық топтар жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев 25 шілде күні Сорбұлақ көлі маңайында жоғалып кеткен әскери тікұшақты іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары