09.08.2025, 13:56
Жаңалықтар
Астанада бірнеше көше уақытша жабылады
Қай жерлерде қозғалыс шектеледі?
Фото: © freepik.com
10 тамыз күні елордада өтетін «Jüregımnıñ Jeñımpazy» қайырымдылық жүгіру шарасына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қай көшелер жабылады
Іс-шара кезінде қозғалыс келесі учаскелерде шектеледі:
- 07:00–08:05 — Түркістан көшесі (Abu Dhabi Plaza бағытында, бір жолақ)
- 07:10–09:15 — Ақмешіт көшесі (мәреге дейін, бір жолақ)
- 07:00–07:40 — Ұлы Дала даңғылы
Шектеулер кезең-кезеңімен алынып тасталады.
Жүргізушілерге ескерту
Қала әкімдігі жүргізушілерге жол қозғалысын алдын ала жоспарлауды және уақытша кідірістерді ескеруді ұсынады. Қажет болған жағдайда балама бағыттарды таңдаған жөн.
Шараның мақсаты
«Jüregımnıñ Jeñımpazy» — Heart Center Foundation қоғамдық қоры ұйымдастыратын қайырымдылық шарасы. Оның мақсаты:
- Жүрек ауруына шалдыққан балаларды қолдау
- Салауатты өмір салтын насихаттау
- Қоғамдық белсенділікті арттыру.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды