Таяу Шығыстағы ахуал: Астанадан Дубайға ұшып шыққан рейс шұғыл қонды
Астана – Дубай рейсі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты бағытынан ауытқыды

Астанадан Дубайға ұшып шыққан Flydubai әуе компаниясының жолаушылары Түрікменстан астанасы Ашхабадқа қонуға мәжбүр болды. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қону себебі – Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы
Ұшақтың бағытын өзгертуіне Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы себеп болған. Қауіпсіздік мақсатында ұшақ Ашхабад халықаралық әуежайына шұғыл қонған.
Жолаушылар Астанаға түнгі сағат 23:00-де қайтады
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, борттағы қазақстандық жолаушылар бүгін түнгі 23:00-де Астанаға қайтуы тиіс.
«Бастапқыда ұшақтың кері ұшу уақыты 22:00 деп жоспарланған. Алайда әуежайдың жоғары жүктемесі мен рейстердің қызмет көрсетуінде болған кідірістерге байланысты ұшу кешіктірілді», – деп түсіндірді ведомство.