$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында қызмет бабында көз жұмған полицейдің отбасына көлік табысталды

Іс-шара қарсаңында дзюдо жарысы өтті

Жамбыл облысында қызмет бабында көз жұмған полицейдің отбасына көлік табысталды
Фото: Polisia.kz

Полиция күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінде өткен салтанатты жиында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицей Ғалым Арыстанбаевтың отбасына ерекше құрмет көрсетілді. Марқұмның жұбайы Әлия Көбегеноваға автокөлік кілті салтанатты жағдайда табысталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы жағдайда жолдасынан айырылып, бүгінде 11 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға мұндай қолдау – қоғам тыныштығы үшін жанын қиған жандарға деген құрметтің нақты көрінісі.

Polisia.kz мәліметінше, іс-шара барысында халықаралық дзюдо жарысының жеңімпаздары да марапатталды. Жарысты ұйымдастырушылар Ғалым Арыстанбаевтың ерлігін еске алып, оның жанұясына табысталған көлік батыр рухына тағзым мен перзенттерінің болашағына жасалған қамқорлық екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары