$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Не айтқанын өзі түсінді ме?»: Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі туралы айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)

Актирса сөз арасында жүкті болуды жоспарламағанын қозғап өтті

«Не айтқанын өзі түсінді ме?»: Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі туралы айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial, видеодан скриншот

Танымал актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі жайлы шындығын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актирса өз сөзінде жүктілікті ойламағанын ерекше айтып өтті.

«Әрине күткен жоқпын. Ол туралы мүлдем ойлаған жоқпын. Өйткені, ол кездегі менің жағдайымнан халық хабардар болатын. Сол кездегі жағдаймен жүріп қалдым. Бәлкім солай болуы керек болған шығар.

Кейіннен естіген кезде әрине қуандым. Өздеріңіз білетіндей, төрт балам бар. Бесінші баланы да қуана-қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актрисаның бұл сөзін желі қолданушыларының бір бөлігі сынға алса, енді бір бөлігі қолдап, түрлі пікір білдірді.

«Бергеннен кейін тастамаймыз деген не сөз өзі?», «Бала көтеруді жоспарламаған едім дегенді жеткізе алмай тұр», «Не айтқанын өзі түсінді ме екен», «Бергеннен кейін тастамаймыз? Күтпеген жерден?», «Сөйлей алмайды, несіне сұхбат беріп тұр», «Аяғы ауыр әйелдің толқып тұрып айтқан сөздері ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары